16 желтоқсан 2020 17:32

ШҚО-да боранда жолда қалған отбасы құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы тасжолда көлігі сынып, боранда қалып қойған 2 кішкентай баласы бар отбасы құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы тасжолда көлігі сынып, боранда қалып қойған 2 кішкентай баласы бар отбасы құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түнде Ақсуат-Ақжар тасжолында отбасы көлігі сынып, боранда қалып қойған. Отбасында 4 адам болған, оның екеуі бала.

"Жолдағы жағдай кешке күрделене түсті. Себебі жолдан ешқандай көлік өтпеген. Көліктегі адамдар құтқарушыларға хабарласқан. Осылайша, Тарбағатай ауданындағы мамандар оларға көмектесу үшін жолға шықты", - делінген ШҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар отбасын жақын маңдағы кафеге жеткізіп, көлікті қардан шығаруға көмектескен.

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлері өңірдегі жолдардың бойында жалпы 56 жылыту пункті барын атап өтті. Онда жүргізушілер жылынып, шай ішіп, тиісті көмекті алуға мүмкіндік жасалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети