15 мамыр 2021 15:35

ШҚО-да жүк көлігі өртенді: қаза тапқандар бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ШҚО ТЖД Фото: ШҚО ТЖД

Шығыс Қазақстан облысында жүк көлігі өртеніп, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысында жүк көлігі өртеніп, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Өскемен-Алтай тасжолының 25-шақырымында Volvo маркалы автокөлігі аударылып, салдарынан көлік құралы жана бастаған.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тоғыз шаршы метр алаңда өрт болған.

"Өртті сөндіру кезінде екі мәйіт табылды, олардың кім екені анықталып жатыр. Өлім себебі сот-медициналық сараптамада анықталады", - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

Өрт сөндіруге 15 құтқарушы мен бес техника жұмылды.


© ШҚО ТЖД

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети