ШҚО-да құлаған тікұшақтың қаза тапқан пилоты жайлы не білеміз?

27 Ақпан 2017, 16:03
0
ШҚО-да құлаған тікұшақтың қаза тапқан пилоты жайлы не білеміз? - Қаза тапқан Петр Устинов. © ok.ru
Қаза тапқан Петр Устинов. © ok.ru

"Боевое братство" қозғалысының лидері Сергей Пашевич ШҚО-да құлаған ұшақтың қаза тапқан пилоты жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Петр Устинов та осы ұйымға мүше болған еді.

Сергей Пашевичтің айтуынша, ол Устиновты 20 жылдан аса уақыт біледі. "Мен онымен шекара қызметінде жүрген кезде танысқан болатынмын. Ол Ауғанстандағы топта қызмет етті. Пер Кеңес Одағының аумағында емес, керісінше Ауғанстанда Кеңес Одағының шекарасын күзетті. Себебі сол кездері Кеңес Одағына көптеген шабуыл жасалған еді. Сол жерде Устинов жарақат алған еді. Кейін медициналық комиссиядан өтіп, жоғары авиациялық училищені аяқтады. Содан кейін Қазақстан Республикасының шекара қызметіне келіп, тікұшақпен ұша бастады", - деді "Боевое братство" қозғалысының лидері.

Cондай-ақ, ол  Петр Устиновтің мықты пилоттардың бірі болғанын айтып өтті. Үнемі тікұшақтарды жүргізіп келген. "Оған VIP адамдарды сеніп тапсыратын. Әрине, түрлі жағдайлар болды. Ол жарақаттар алды, бірақ  Петр Устинов мұндай жағдайлардан қиналмай шығатын. Қандай жағдайлар болсын, орнынан тұрып, жұмысын жалғастыра беретін. Петр қиындықтарды жеңіп, өз дегеніне жететін және әрдайым биіктен көрінетін адам еді", - деді Пашевич.


Петр Устинов (оң жақтан бірінші)

Оның айтуынша, қаза тапқан ұшқыш Алматыда жұмыс істеп, сонда тұрған. Устиновтің артында екі қызы қалды. Сондай-ақ, оның әкесінің де шекара қызметінде жұмыс істегені белгілі болды. Ол Ауғанстандағы соғыстың ардагері болған. "Өзі мықты кісі болатын, ешқашан орнында тұрмайтын. Петр көңілді, мейірімді адам болатын. Қиын жұмысына, түрлі жағдайларға қарамастан ұшу қажет болғанына қарамастан, әрдайым көңілді жүретін", - деді Сергей Пашевич.

Айта кетейік, 2013 жылдың ақпан айында Алматы облысы Бақанас ауылында Bell 206L3 маркалы тікұшақ шұғыл түрде қонған болатын. "Аэропракт.KZ" компаниясының директоры Алексей Красниковтің айтуынша, сол кезде тікұшақты Петр Устинов басқарған. Сондай-ақ, бортта төрт турист пен Украинаның үш азмаматы болған. Бірақ төтенше жағдайдан ешкім зардап шекпеген.

Еске салайық, жеке меншіктегі С-341 тікұшағы кеше Үржар ауданындағы Қожа ауылынан ұшып шығып, Аягөз ауданындағы Ақшатау ауылына қонуы керек болған. Куәгерлер тікұшақтың Айғыздың үстінен ұшқанын көрген. Алайда жетер жеріне жетпеген. 25 ақпанда сағат 18.30-да пилот байланысқа шықпаған. Іздеу шаралары барысында тікұшақ Аягөз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 60 шақырым жерден табылған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай