09 сәуір 2019 08:52

ШҚО-да пойыз жеңіл көлікті соқты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Шығыста жүйіткіген пойыз жеңіл көлікті қағып өтті. Көлік тізгінінде 70-ке қараған қарт кісі отырған. Абырой болғанда, зейнеткер аман қалды, - деп хабарлайды КТК тілшісі. 


Шығыста жүйіткіген пойыз жеңіл көлікті қағып өтті. Көлік тізгінінде 70-ке қараған қарт кісі отырған. Абырой болғанда, зейнеткер аман қалды, - деп хабарлайды КТК тілшісі. 

Жантүршігерлік жол апаты таспаға түсіп қалды. Ақпарат бойынша, жолаушылар пойызының жақындап қалғанына қарамастан, көлік жүргізушісі шойын жолды кесіп өтпек болған. Одан қалды, жүргізуші семафорда қызыл жанып тұрғанын көрген де екен. Пойыз сүйреген көліктің сау тамтығы қалмады. Ал 68 жастағы зейнеткер ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жазылып шыққан соң кінәлі жүргізуші жауапкершілікке тартылады. 

Дереккөз: КТК

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети