1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

ШҚО-да суға батып кеткен имамның баласының денесі табылды

© ves-novgorod.ru © ves-novgorod.ru

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында суға батып кеткен бала табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 2011 жылғы баланың денесін тапты. Оның денесі Зайсан көліне бара жатқан жердегі көпірден бір шақырым жерден табылды", - деп хабарлады ШҚО ТЖД өкілдері.

Еске сала кетейік, мұның алдында ШҚО-да имам мен оның екі баласының суға батып кеткені хабарланған болатын. Куәгерлердің айтуынша, барлығы тез уақыт ішінде болған. Ер адам да, оның ұлы да су ағынына төтеп бере алмапты.