30 шілде 2018 12:38

ШҚО-да имам мен оның екі баласы суға батып кетті

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

©pixabay.com ©pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар баласын аман сақтап қаламын деп суға батып кеткен имамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар баласын аман сақтап қаламын деп суға батып кеткен имамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, апат жексенбіде, Қара Ертіс өзені бойындағы Боран ауылында болған. 8 жастағы имамның ұлы жабдықталмаған жерде шомылып жүрген. Қатты ағыннан бала өзін бақылауда ұстай алмай бата бастайды. Оған көмекке 36 жастағы әкесі жүгіріп барған. Онымен қоса, інісін құтқару үшін 19 жастағы жігіт те ұмтыла жөнелген. 

Куәгерлердің айтуынша, барлығы тез уақыт ішінде болған. Ер адам да, оның ұлы су ағынына төтеп бере алмапты. 

"Қазіргі кезде селдің кесірінен су лай және оның ағысы қатты. Кейбір жерде иірім кездеседі. Терең шұңқырлар бар. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Шығыс өңірлік аэроұтқыр
жедел-құтқару жасағы  моторлы қайықта іздестіру жүргізіп жатыр. Кей жерлерде суға түсу мүмкін емес", - деді Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының 9 бөлім басшысы Талғат Нұржанов.

Қазір батып кеткен имам мен оның екі баласын іздестіру жұмыстарына жергілікті тұрғындар қосылды. Іздестіру өзенде және өзен бойында да жүргізіліп жатыр. Оған жергілікті тұрғындардан 80 адам және 11 қайық тартылды.

Сондай-ақ, ШӨАЖҚЖ 9 бөлімнің басқа тобы Зайсаң көлінде 10 күн бұрын балық аулап жүріп жоғалып кеткен балықшыларды іздетріп жатыр. Ұржар ауданындағы Сасықкөл көлінде тағы бір бала іздестіріліп жатыр. 

Өскемен қаласының ШӨАЖҚЖ сүңгуірлері де Ертіс өзенінде жұмыс атқарып жатыр. Шілденің басында жабдықталмаған жерде жүзіп, суға батып кеткен 31 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети