19 мамыр 2022 14:18

ШҚО тұрғыны көңілдесінің әйелін балағаттағаны үшін айыпталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны көңілдесінің әйелін WhatsApp-та балағаттағаны үшін жауапқа тартылды. Ол 60 сағат көлемінде қоғамдық жұмысқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны көңілдесінің әйелін WhatsApp-та балағаттағаны үшін жауапқа тартылды. Ол 60 сағат көлемінде қоғамдық жұмысқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

8 наурыздың алдында ШҚО тұрғыны ашынасының әйелін күйеуімен арадағы қарым-қатынас туралы айту үшін шақырған. Бірақ өзін ұстай алмай, әдепсіз сөздер айтқан. Сүйіктісінің әйелі әңгімені тоқтата салған. Алайда қыз қоңырау шалуын қоймаған, осылайша әйел учаскелік инспектор шақырған.

"Жәбірленуші аудиожазбаны сақтап, оны сотқа берді. Сот қызды құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 60 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту туралы үкім шығарды. Ол пробация қызметінде есепте тұр және қоғамдық жұмыстарды орындау үшін әкімдікке жіберілді. Күн сайын 4 сағат көлемінде аумақты тазалайды. Пробация қызметінің инспекторлары жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде күн сайын тазаланатын аумақ пен тұрғылықты жері бойынша тексеріс жүргізеді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети