17 қараша 2021 12:09

Шортандыда жарылыстан зардап шеккен балалардың жағдайы белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ТЖД баспасөз қызметінен Фото: ТЖД баспасөз қызметінен

Шортандыдағы жарылыстан зардап шеккен балалардың жағдайы белгілі болды. Күйік алған 10 адам ауруханаға жеткізілді, оның бесеуі бала. Бұл туралы Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шортандыдағы жарылыстан зардап шеккен балалардың жағдайы белгілі болды. Күйік алған 10 адам ауруханаға жеткізілді, оның бесеуі бала. Бұл туралы Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2011 жылы туған қыздың денесін 3 АБ дәрежелі, 60 пайыз (50 пайыз терең) күйік шалған: беті, бас терісі, мойны, екі қол, екі аяғы. Күйік - ауыр дәрежеде, термальгаляциялық зақымдану. Жасанды тыныс алу аппаратында, некротомия жасалды.

2009 жылы туған ұл баланың бет, бас терісін, мойын, қол-аяғы, арқасының 70 пайызын (40 пайыз тереңдікте) 3 АБ дәрежесіндегі термиялық күйік шалған. Бастапқы хирургиялық көмек көрсетілген. Болжам - ауыр жағдайда.

2016 жылы туған қыздың денесін 10 пайыз (5 пайыз терең) 3 АБ дәрежелі термиялық күйік шалған, көбінесе бас терісі, екі бөксесі және оң жамбасы. Күйік шок лейкоз дәрежесінде. Бастапқы хирургиялық көмек көрсетілді. Болжам - қалыпты.

2020 жылы туған ұл бала 20 пайыз (15 пайыз терең) 3 АБ дәрежелі термиялық күйік алған, екі аяқ-қолы, беті күйген. Күйік - ауыр дәрежеде. Күйік шалған жерлері таңылды. Болжам - қалыпты", - деді Денсаулық сақтау басқармасы өкілі.

Сондай-ақ, әкімдік мәліметінше, 1987, 1988, 1964, 1981, 1988 жылы туған ересектер мен 2015, 2009, 2012, 2020, 2020, 2010 жылы туған балалар зардап шеккен. Қайтыс болғандар: 2017 жылы туған бала және 1989, 1988 жылы туған екі әйел.

Бұған дейін 16 қарашада Ақмола облысы Шортанды кенті Линейная көшесінде газ баллоны жарылғаны хабарланған болатын. Жарылыстан 3 адам қаза тауып, 10 адам ауруханаға жатқызылған. Кейін зардап шеккендер арасында балалар бары айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети