Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Шортандыдағы жарылыстан зардап шеккен қыздың қайтыс болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Шортандыдағы жарылыстан зардап шеккен қыздың қайтыс болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Өкінішка орай, Ақмола облысы Шортанды ауылында 22 қарашада кешке жарылыс кезінде зардап шеккен 2011 жылы туған қыз бала қайтыс болды. Бала ауыр халде Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Жағдайы ауыр болғасын, жансақтауға жатқызылған. Денесінің 60 пайызы термиялық күйік алған, бала комада болды", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Медициналық көмек көрсетілгеніне қарамастан, жансақтаудағы науқасты құтқару мүмкін болмағаны хабарланды.
"22 қарашада сағат 23:00-де баланың жүрегі тоқтады. Жансақтау шараларының аясында жүрек қызметі қалпына келмеді. Қыздың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз", - деді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Бұған дейін 16 қарашада Ақмола облысы Шортанды кенті Линейная көшесінде газ баллоны жарылғаны хабарланған болатын. Жарылыстан 3 адам қаза тауып, 10 адам ауруханаға жатқызылған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!