21 шілде 2020 19:15

Шу қаласында мектеп директоры шектеуге қарамастан "қыз ұзату" жасаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Жамбыл облысындағы Шу қаласындағы мейрамханалардың бірінде мектеп директоры "қыз ұзату" тойын жасаған. Мереке кезіндегі видео әкімдіктегілердің қолына түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жамбыл облысындағы Шу қаласындағы мейрамханалардың бірінде мектеп директоры "қыз ұзату" тойын жасаған. Мереке кезіндегі видео әкімдіктегілердің қолына түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, әлеуметтік желілерге тексеріс жүргізу барысында мониторингтік топ Жамбыл облысы Шу ауданы Шу қаласындағы мейрамханалардың бірінде отбасылық салтанатты шараның өткізілуі туралы бейнежазбаны байқаған.

Шу ауданының әкімдігі полиция бөлімі және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаменті бірлесіп жүргізген тексеріс барысында той биыл 26 маусымда болғаны анықталды.

Шара бойынша карантин режимін бұзып, той ұйымдастырғаны үшін ауданның 42 жастағы тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 30 АЕК (83 340 теңге) айыппұл салынды.

Сонымен қатар, іс-шараны ұйымдастырушы Шу ауданы Төле би ауылындағы оқу орындарының бірінде директор болып қызмет ететіні белгілі болды. Бүгінде ол кезекті еңбек демалысында.      

Одан бөлек, іс-шара өткен мекеме де анықталды. Мекеме иесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети