Шығыс Қазақстан облысында жайсыз ауа райының салдарынан рейс автобусы аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жол апаты ШҚО Үржар ауданындағы Таскескен - Бақты автожолында болды.
Шығыс Қазақстан облысында жайсыз ауа райының салдарынан рейс автобусы аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жол апаты ШҚО Үржар ауданындағы Таскескен - Бақты автожолында болды.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Алматы - Мақаншы - Қабанбай" бағытындағы рейс автобусы аударылып қалған. Жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста 25 жолаушы болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасының салдарынан 18 адам жарақат алған, қаза болғандардың арасында бір бала бар. "Зардап шеккендер мен қаза болғандардың кім екені анықталып жатыр. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар бөлімінің, "Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмысының қызметі" мемлекеттік мекемесінің, аудандық ішкі істер бөлімінің және жедел медициналық көмек қызметінің күші жұмылдырылды", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметіндегілер. Жол апатынан зардап шеккендер Мақаншы ауылындағы аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.
Еске сала кетейік, ақпан айында Шығыс Қазақстан облысында 42 жолаушысы бар автобус КамАЗбен соқтығысты. Жол апаты көктайғақтың салдарынан болған, автобус ауыр жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысты. Жол-көлік оқиғасынан төрт адам зардап шекті. Қалған жолаушылар, оның айтуынша, жедел жәрдем мен құтқарушыларды шақырды. Зардап шеккендерді Таскескеннің емханасында дәрігерлеп қарап, қалғандары жергілікті жатақханаға орналастырылды.