14 қаңтар 2015 16:36

Шығыс Қазақстанда бір әйел асүй пышағымен күйеуін қасқырдан арашалап алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото lookandtravel.ru сайтынан алынды Фото lookandtravel.ru сайтынан алынды

Шығыс Қазақстан облысында қасқыр екі ер адамға шабуыл жасады, - деп хабарлайды YK-News.kz. Аласұрған аңды жәбірленушілердің бірінің әйелі асүй пышағымен өлтірді.


Шығыс Қазақстан облысында қасқыр екі ер адамға шабуыл жасады, - деп хабарлайды YK-News.kz. Аласұрған аңды жәбірленушілердің бірінің әйелі асүй пышағымен өлтірді.

Оқиға Аягөз ауданында болды. Құтқарушылардың мәліметіне қарағанда, қасқыр адасып Желдіқара ауылына таңертең ерте кірген. Ол алдымен жергілікті тұрғынға тап беріп, оны тістей бастаған. Одан кейін өзіне жақындап келе жатқан тағы бір ер адамды көріп оған да шабуылдады. "Ол аласұрған аңнан қашып үйіне кірмекші болды, бірақ ол қуып жетіп оны ұшырып түсірді. Үйдегі әйелі күйеуінің дауысын естіп, қолына пышақ алып көмекке келді. Ол аңды қуып, бауыздап тастады", - деп хабарлады құтқарушылар. Қасқырдың шабуылынан жарақат алған ер адам ауданның орталық ауруханасына жеткізілді. Екі ер адамға да құтырмаға қарсы екпе салынды. Олардың өміріне қауіп жоқ.

Айта кетейік, 2013 жылы қыркүйекте Маңғыстау облысында осыған ұқсас оқиға болып, ол кезде де қасқыр өлтірілген болатын. Жергілікті тұрғын Дәулет Түйешиев арт жағынан келіп шабуылдаған қасқырды буындырып өлтірді. Жыртқыш оның арқасына жабысып, қолы мен аяғын тістеп алды. Дәулет өміріне қауіп төнгенін түсініп, оны бар күшімен буындырды. Алған жарақаттарымен кейін ауруханаға барды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети