08 қаңтар 2015 12:34

Шығыс Қазақстанда бір күнде 143 адам қар құрсауынан құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ШҚО ТЖД баспасөз қызметі ©ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында 143 адам қар құрсауынан құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтың төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстан облысында 143 адам қар құрсауынан құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтың төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметінше, мереке қарсаңында синоптиктер бұл аумақта қалың қар түсіп, жел күшейетіні туралы тұрғындарға ескерту жасаған. "Шығыс Қазақстанның ауа райы күрт өзгеріп отырады. Бұл болжамның бірнеше адамды жолда әбігерге салғаны таңқаларлық жағдай емес. Шемонаиха - Оба шекара өткелі (Ресейге кіретін жер) автожолының 18-шақырымында Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының күшімен қар құрсауынан 117 адам құтқарылды, олардың арасында бес бала бар. 19 автокөлік пен үш автобус қар астында қалған. Зардап шеккендер жоқ", - деп мәлімдеді баспасөз қызметінің мамандары. 

Сонымен қатар, Бородулиха ауданында өртсөндірушілер жолдың нашар көрінуінен жол шетіндегі жыраға түсіп кеткен жеңіл автокөліктің ішіндегі адамдарды шығарып алуға көмектесті. Бес адам Жезкент ауылына жеткізілді. Қаза тапқандар мен жапа шеккендер жоқ.  

8 қаңтар күні таңертең құтқарушылар Шемонаиха - Оба шекара өткелі автожолының 18-шақырымына тағы барып адамдарды қар құрсауынан құтқарды. Айта кетейік, ол кезде бұл жол жабық болған. "Алайда бұл азаматтарды тоқтата алмады. Нәтижесінде 21 адам мен жеті техника қар құрсауынан шығарылды. Зардап шеккендер жоқ", - деді ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.

Синоптиктер бұл облыста алдағы күндері жел күшейіп, қар жауып, боран соғып, аяз болады деген болжам жасап отыр. Сондықтан ШҚО ішкі істер департаменті азаматтардан ауа райы болжамдарын тыңдап, қар құрсауында қалып қалмау үшін алыс жолдарға шықпауды ескертті. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети