01 маусым 2015 16:59

Шығыс Қазақстанда дәмхана дастарханында дәрет сындырған ер адам айыппұл төлейтін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© fonstola.ru © fonstola.ru

Шығыс Қазақстанда дәмханада үстел басында дәрет сындырған Зырян ауданының тұрғынына айыппұл салынды, - деп хабарлайды YK-news.kz.


Шығыс Қазақстанда дәмханада үстел басында дәрет сындырған Зырян ауданының тұрғынына айыппұл салынды, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Аудандық мамандандырылған әкімшілік соттың қаулысына сәйкес, 40 жастағы ер адам дәмханада отырып, дастархан басында дәрет сындырған. Мекеме әкімшілігі полицейлерді шақырып, ер адамнан түсінік алынды.

"Тәртіп бұзған ер адам өзінің бұл қылығын былай түсіндірді: оған оның бұрынғы әйелі қоңырау шалып, тұрмысқа шығатынын айтқан. Ер адам абыржып, дәмханада отырып ішімдік ішуді ұйғарыпты, әр жағы есінде жоқ", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, соттың шешіміне сәйкес, бұзақы енді 20 АЕК көлемінде (19 820 теңге) айыппұл төлейтін болады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети