09 сәуір 2015 11:18

Шығыс Қазақстанда жүрдек пойыз зейнеткерді басып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Tengrinews.kz @Tengrinews.kz

Өскеменде жолаушыларға арналған жүрдек пойыз адамды қағып кетті, - деп хабарлайды YK-news.kz. Жазатайым оқиға "Өскемен" мен "Защита" станцияларының екінші аралығынан тоғыз шақырым қашықтықта болды.


Өскеменде жолаушыларға арналған жүрдек пойыз адамды қағып кетті, - деп хабарлайды YK-news.kz. Жазатайым оқиға "Өскемен" мен "Защита" станцияларының екінші аралығынан тоғыз шақырым қашықтықта болды.

Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының ақпараты бойынша, 76 жастағы ер адам Өскемен - Алматы бағытындағы жолаушылар пойызының қозғалысы кезінде теміржол өткелінде тұрады. Ер адамды көрген машинистер пойызды толық тоқтатып үлгермей, оны қағып кетеді. Зейнеткер жарақат алып, сол жерде қаза тапты. Әзірше зейнеткердің теміржол өткелінде не мақсатпен жүргені анықталған жоқ. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Осыған дейін "Алматы-1" теміржолында қайғылы оқиға болып, пойыз ер адамды қағып кеткен еді. Оқиға Боралдай - Ақсеңгір аралығынан 4034-ші шақырымында болған. ІІД мәліметі бойынша, жолаушыларға арналған Алматы - Астана бағытындағы электровоздың 31 жастағы машинисі алматылық 44 жастағы ер азаматты рұқсат етілмеген теміржол өткелінен өтіп бара жатқан кезінде басып кетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети