28 қаңтар 2015 14:56

Шығыс Қазақстанда магнитудасы 4,5-ке тең жер сілкінісі тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©some.kz ©some.kz

Қазақстанның шығысында магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция" мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісі 28 қаңтар күні Астана уақыты бойынша сағат 14.08-де тіркелді. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 567 шақырымда, Қазақстан аумағында анықталды. Энергетикалық класы 9,5-ке тең тербелістің ошағы 15 шақырым тереңдікте болған. 

Жер сілкінісінің сезілгені туралы мәлімет жоқ. Еске сала кетейік, 26 қаңтар күні Астана уақыты бойынша сағат 13.30-да Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 228 шақырым қашықтықта магнитудасы 3,9 болатын жер сілкінісі тіркелген еді. Оның эпицентрі Қырғызстан аумағынан анықталды. Жерасты дүмпулері 10 шақырым тереңдікте болған. Энергетикалық класы - 8,8. Тербеліс Алматы аумағында сезілген жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети