Шығыс Қазақстан облысында магнитудасы 4,7-ге тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропа - Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына (EMSC) сілтеме жасап. Жерасты дүмпулері 19 тамыз күні Астана уақыты бойынша сағат 12.43-те тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Өскемен қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 250 шақырымнан және Қытайдың Үрімжі қаласынан солтүстікке қарай 550 шақырымнан анықталды. Қазақ ұлттық деректер орталығының мәліметінше, тербелістің магнитудасы 4,7 болды.
Ал ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы - 4,1. "Эпицентр Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 845 шақырымда, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы - 9,7-ге тең", - деп хабарлады СТӘЭ мекемесінің мамандары. Жер сілкінісі 0-5 шақырым тереңдікте болған.
Еске сала кетейік, 16 тамыз күні Алматы маңында 5,2 магнитудалы жер сілкінісі болған еді. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі оңтүстік астанадан шығысқа қарай 41 шақырым қашықтықта болды.