Шығыс Қазақстанда магнитудасы 4,8-ге тең жер сілкінісі болды

05 Қазан 2015, 18:07
0
Шығыс Қазақстанда магнитудасы 4,8-ге тең жер сілкінісі болды - © some.kz
© some.kz

Шығыс Қазақстан облысында магнитудасы 4,8-ге тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап.

Жерасты дүмпулері 5 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 17.16-да тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Өскеменнен 161 шақырым қашықтықта болды. Зілзаланың тереңдігі - 1 шақырым. Қирандылар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Еске сала кетейік, 21 қыркүйекте Алматыдан 170 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,7-ге тең жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Ыстықкөлге жақын жерде болды. Зілзаланың энергетикалық класы - 10,7, тереңдігі - 5 шақырым. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай