08 маусым 2015 14:19

Шығыс Қазақстанда оқушы жарты миллион теңге моральдық шығын өндіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ярослав Радловский © Ярослав Радловский

Шығыс Қазақстан облысында оқушы қыз жол-көлік оқиғасына байланысты жарты миллион теңге моральдық шығын өндіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстан облысында оқушы қыз жол-көлік оқиғасына байланысты жарты миллион теңге моральдық шығын өндіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Глубоковский ауданының 10 сыныпта оқитын тұрғыны құқық қорғау органдарына 1 миллион теңге моральдық шығынды өндіріп алу туралы шағым жазған. Іс материалдарына қарағанда, қызды автокөлік соғып кеткен. Жол апатында ол ауыр жарақат алыпты. Бірақ жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қылмыс құрамының жоқтығына байланысты тоқтатылған еді.

"Сот отырысында жол апатынанан дене жарақатын алған қыздың рухани түрде азапталғаны анықталды. Ол қалыпты өмір салтын ұстану мүмкіндігінен шектелген, пластиналардың, сымның, бұрандалардың, металл бекіткіш құралдарының қолданылуымен төрт рет ота жасатты, одан кейін қыз дене ауыртпалығымен өмір сүрді. Өз қатарластарымен қатар оқи алмай, білім алуын бір жылға шегерді. Ол ауруханада емделді, амбулаторлық ем қабылдап жатыр", - делінген сот хабарламасында.

Іс бойынша жағдаяттарды ескере отырып, сот жол апатын жасаған жүргізушіден 500 мың теңге көлемінде өтемақыны моральдық шығын ретінде қыздың пайдасына өндірді. Мұндай шешім ҚР Азаматтық кодексінің бабының негізінде қабылданды, онда моральдық шығынның жапа шектірушінің кінәсінен тәуелсіз өндірілетіні жазылған. Соттың шешімі заң күшіне енді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети