"Шымбұлақта" Польшадан келген турист жоғалып кетті

26 Қаңтар 2016, 09:54
0
"Шымбұлақта" Польшадан келген турист жоғалып кетті - © Voxpopuli.kz
© Voxpopuli.kz

Польша азаматы "Шымбұлақ" тау-шаңғы шипажайында жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД мәліметінше, ер адам 24 қаңтар күні таңертең шипажай маңында серуендеуге шыққан. Оның жоғалып кеткені туралы хабарлама "112" пультіне Астана уақыты бойынша 25 қаңтар күні сағат 02.05-те келіп түсті. Саяхатшының қай бағытта кеткені белгісіз. Туристі іздестіру жұмыстарына ҚР ІІМ ТЖК Республикалық жедел құтқару жасағы жұмылдырылды.

"Қазір іздестіру жұмыстарымен ҚР ІІМ ТЖК республикалық жедел құтқару жасағынан 19 құтқарушы, 1 техника мен кинолог мамандар, Алматы құтқару қызметінен 12 адам мен 5 техника, сонымен қатар, "Шымбұлақ" шипажайының 4 құтқарушысы айналысып жатыр", - делінген хабарламада.

Польша азаматы тауға шыар алдында еш жерге тіркелмеген, баратын бағытын да айтпапты. Іздестіру жұмыстары түнгі уақытта да жалғастырылып жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай