19 қараша 2019 22:13

Шымкент қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абылай Донбай © kazpravda.kz Абылай Донбай © kazpravda.kz

Шымкентте полиция қызметкерлері № 1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Донбай Абылай Абдужаппарұлын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкентте полиция қызметкерлері № 1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Донбай Абылай Абдужаппарұлын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәрігерге Қылмыстық кодекстің "трансұлттық қылмыстық топқа қатысу" және "адам органдарын заңсыз алу" баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деген айып тағылған.

"Сотқа дейінгі тергеу барысында 2017-2018 жылдары Қазақстан аумағында адам органдарын трансплантациялау саласында тұрақты қылмыстық топ жұмыс істегені анықталды. Донорлар ретінде ауыр материалдық жағдайға байланысты өз бүйрегін мәжбүрлі сатқан Өзбекстан, Қырғызстан, Украина азаматтары болған, ал реципиенттер алыс шетелдердің, негізінен Израильдің қамтамасыз етілген азаматтары болды.

Тергеу барысында азамат А. Донбайдың адам органдарын сатып алу-сатуға заңнамалық тыйым салғанына қарамастан, ірі ақшалай сыйақы үшін бүйректі алу және ауыстырып салу бойынша заңсыз операциялар жүргізгені анықталды.

Бұдан бұрын дәрігер-трансплантолог Құттымұратов пен қылмыстық топ мүшелерінің бірі - Қырғызстан азаматы Б. Т. Тайсалова ұсталып, қамауға алынған еді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети