21 қыркүйек 2015 10:41

Шымкент маңында болған жол апатынан 22 адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Dtpin © Dtpin

Оңтүстік Қазақстан облысында болған жол-көлік оқиғасынан 20-дан астам адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Апат бүгін түнде Шымкент қаласының маңында болды.


Оңтүстік Қазақстан облысында болған жол-көлік оқиғасынан 20-дан астам адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Апат бүгін түнде Шымкент қаласының маңында болды.

Болжам бойынша, трассамен кетіп бара жатқан КамАЗ көлігінің тежеуіші істен шығып, бірнеше автомобильді іліп әкеткен. Оқиға болған жерде бір жарым жасар бала қаза тапты. Жүргізушілердің бірі Қазығұрт аудандық ауруханасына жеткізілді. Оның жағдайы орташа ауыр, ол бассүйек-ми жарақатын алған. 22 адам Шымкент ауруханасына жеткізілді.

Қазіргі уақытта медициналық жедел жәрдем ауруханасында 4 адам жатыр. Олардың жағдайы орташа ауыр, тағы бір адам жан сақтау бөлімінде. Сонымен қатар, 5 бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қалғандары ауруханаға жатудан бас тартты. Апаттың себебі анықталып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети