17 шілде 2023 16:54

Шымкент тұрғындарын өрт пен қою қара түтін шошытты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға орнында түсірілген кадр

Шымкент тұрғындарын өрт пен қою қара түтін шошытты. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкент тұрғындарын өрт пен қою қара түтін шошытты. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 17 шілдеде сағат 15:24-те өрт сөндіру қызметіне Төле би көшесі бойында орналасқан дүкендер мен қоймалардың бірінде түтін шыққаны туралы сигнал түсті.

"Оқиға орнына №2 шақыру бойынша күштер мен құралдар жіберілді. Қосымша ақпарат кейінірек жіберіледі", - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, қала әкімі өрт болған жерге барған.

Қаза болғандар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.44   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети