24 желтоқсан 2020 08:24

Шымкентте 12 жастағы бала 8-қабаттан құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Шымкентте 12 жастағы бала 8-қабаттан құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.


Шымкентте 12 жастағы бала 8-қабаттан құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, 23 желтоқсанда сағат 00:45-те дәрігерлер баланың биологиялық өлімін тіркеді.

22 желтоқсанда қалалық балалар клиникалық ауруханасына 2008 жылы туылған бала 21:15-те түскен болатын.

Анасының айтуынша, бала көп қабатты үйдің 8-қабатынан құлап, әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алған. Аурухананың жансақтау бөліміне дереу жеткізілген.

Реаниматологтар, хирургтар, кезекші травматологтар кеңес өткізіп, бірқатар реанимациялық шара қабылданды. Баланың жүрегі екі рет тоқтап қалған.

Жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, бала қайтыс болған.

Баланың жабық жарақат, бас сүйек сынуы, мидың жарақаты, кеуде және іш қуысы жарақаттары, жұмсақ тіндердің бірнеше жарақаты болып, беті, екі шынтақ буындары көгеріп, қажалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети