03 тамыз 2016 10:25

Шымкентте 16 жастағы қыз жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жоғалып кеткен Айдана Қаһарман © kz.otyrar.kz Жоғалып кеткен Айдана Қаһарман © kz.otyrar.kz

Шымкентте туыстары жасөспірім қызды іздейді. 16 жастағы Айдана Қаһарман 2016 жылдың 28 шілдесінде жоғалып кеткен. Жасөспірім қыз көркемөнер мектебіндегі сабағынан шыққан соң оны ешкім көрмепті. Айдана үйіне де оралмаған. Бұл туралы Otyrar.KZ хабарлады.

Айдананың бойы - 170 сантиметр, орташа денелі, шашы қысқа қырқылған. Үстінде шолақ шалбары мен ұзын кардиганы болған дейді туыстары. Сіңлісі туралы әлеуметтік желіде әпкесі Айнұр Қаһарман жазды.

"Егер сіздерге сіңлімнің қайда екені белгілі болған жағдайда немесе ол туралы кез келген мәлімет білсеңіздер, 8-747-722-33-26 немесе полицияға 102 нөмірі бойынша хабарласуларыңызды сұранамын" деп жазды Айнұр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети