26 ақпан 2018 15:31

Шымкентте 9-сынып оқушысы мектепте өзіне қол салмақ болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет © NewsRoom Иллюстрациялық сурет © NewsRoom

Шымкентте ірі көлемде ақшасын жоғалтып алған қыз мектептің терезесінен секірген, - деп хабарлайды otyrar.kz.


Шымкентте ірі көлемде ақшасын жоғалтып алған қыз мектептің терезесінен секірген, - деп хабарлайды otyrar.kz.

Оқиға 20 ақпанда № 18 орта мектепте болған. 

Күйзеліске түскен 9-сынып оқушысы мектептің екінші қабатындағы терезенің алдына шығып, секірмек болған. Мұны байқаған мұғалімдер мен мектеп қызметкерлері қыз баланы 20 минут секірмеуге көндірмек болады. Күтпеген жағдайдың алдын алу үшін жерге спортзалдағы күрес кілемдері төселіп, мектеп қызметкерлері қызды тосып алуға дайын тұрған. Сонымен қоса, мектепке жедел қызмет, полиция мен жедел жәрдем шақыртылды. 

Мектеп директоры Гүлнар Сембаеваның сөзінше, мұғалімдер қыздан секірмеуін қанша сұрағанымен, оқушы алға қадам жасаған. Қызды астында тұрған Асқар Үсенов атты мектеп қызметкері тосып алған екен. 

Жеңіл жарақат алған қыз қазір ауруханада. Асқар Үсеновке мектеп ұжымы алғыс білдірді. Қыздың ата-анасы мектепке ешқандай арызы жоғын мәлімдеген. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

Директордың орынбасары Рахима Нарбекованың айтуынша, мектепте психологтар үздіксіз қызмет етеді. Қазір олар қызға күнделікті барып тұрады екен. Алда балалар арасындағы диструктив мінез-құлықтың алдын алу бойынша ата-аналардың қатысуымен жалпы мектептік жиналыс өткізілмек. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети