Шымкентте автобустардың өзара жарысуы бір қыздың өліміне әкеліп соқты, - деп хабарлайды Mediatv.kz. Жол апаты қаладағы "Жоғарғы Отырар" аялдамасында болды.
Шымкентте автобустардың өзара жарысуы бір қыздың өліміне әкеліп соқты, - деп хабарлайды Mediatv.kz. Жол апаты қаладағы "Жоғарғы Отырар" аялдамасында болды.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, алдымен аялдамадан қозғалған № 84 автобус № 19 автобусқа соғылған, ал оған № 93 автобус қатты жылдамдықпен келіп соғылды. Бірінші автобус 15 метр жерге ұшып кетіп, ағашқа ұрынды. Екінші автобус аялдамаға соғылып, онда тұрған екі қызды қақты. Олардың бірі оқиға орнында қайтыс болды, көп жарақат алған екіншісі жергілікті аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді.
№93 автобустың жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті. Куәгерлердің жауабына қарағанда, жол-көлік апатына автобустардың өзара жарысуы себеп. Оқиғаның нақты себебін жол-патруль полициясының тергеушілері анықтайды.
Еске сала кетейік, 22 қазан күні Алматыда автобустардың жарысуы салдарынан бір жаяу адам қайтыс болған еді. Жол-көлік оқиғасы Сүйінбай даңғылындағы "Элеватор" аялдамасы маңында болды, автобустардың бірінің жүргізушісі адамды өткізіп жіберу үшін жаяулар өткелі алдында кідірген кезде, онымен жарысып келе жатқан №2 автобус тежелместен жаяу адамды қағып өтті. Муниципалдық автобус жүргізушісі ұсталып, медициналық куәландыруға жіберілді.