22 желтоқсан 2023 12:08

Шымкентте автомаскарад жасаған жүргізушілер жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Шымкентте көлігін шыршамен безендіргендер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкентте көлігін шыршамен безендіргендер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңажылдық ағашпен және гирляндалармен безендірілген иномаркаларды ЖБО-ның бейнебақылау инспекторлары байқаған.

"Осындай безендірулермен Porsche Panamera, Toyota Camry, Lexus ES, Mercedes-Benz және Hyundai Elantra көліктері Қонаев даңғылымен Бәйдібек би бағытында жүріп бара жатқан.

Автомаскарадты жедел жеткен патрульдік полицейлер тоқтатты", - делінген хабарламада.

Жүргізушілер өз әрекетін жол қозғалысы қағидасының тармағын білмегендік деп ақтағысы келді. Алайда заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды: құқық бұзушыларға ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша хаттама толтырылып, көліктер айыптұраққа жеткізілді.

"Белгілі болғандай, жігіттер бұл әрекетке танымал әлеуметтік желідегі контент үшін барған".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети