1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Шымкентте айыппұл тұрағында 45 көлік өртеніп кеткен. Полиция тергеу жүргізіп жатыр

© ҚР ІІМ ТЖК © ҚР ІІМ ТЖК

Шымкентте айыппұл тұрағында 45 көлік өртеніп кеткен. Болған өрт ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы ("Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру") бойынша тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады облыстық Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының өкілдері.

Қалалық айыппұл тұрағының басшысы Әбдіқадыровтың айтуынша, өртенген 10 көліктің алтауының сақталу мерзімі үш жылдан асып кеткен.

ҚР ІІМ ТЖК мәліметінше, өрт КамАЗ-дан шыққан, кейінірек ол маңында тұрған жеңіл көліктерге жетіп, жиһаз дайындайтын цехке дейін жеткен.

Өрт жайлы хабар 15 шілдеге қараған түні сағат 01.14-те келіп түскен. Өрт 03.05-те ауыздықталған. Төтенше жағдайды жоюға 76 өрт сөндіруші мен 17 дана арнайы техника жұмылдырылған.

Доллар арзандады