19 қыркүйек 2017 | 16:36

Шымкентте деструктив діни ағым ұстанушыларынан құралған қылмыстық топ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттегі арнайы операцияда деструктив діни ағымдардың ұстанушыларынан құралған қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкенттегі арнайы операцияда деструктив діни ағымдардың ұстанушыларынан құралған қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

"2017 жылдың 19 қыркүйек күні Шымкент қаласының "Гарант" дүкендері аумағында ОҚО ІІД және ОҚО ҰҚК қызметкерлері бірлесе отырып, деструктивті діни ағымдарының ұстанушыларынан құралған қылмыстық топты құрықтау бойынша арнайы іс-шара өткізді", - делінген хабаламада. 

Тергеудің нұсқалары бойынша бұл топ мүшелері ұрланған телефондарды алып сатумен айналысқан. Олар мобильді құрылғылардың идентификациялық кодын өзгертіп, оған экстремистік сипаттағы ақпараттарды жазып, сатып отырған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, мұның алдында Шымкентте арнайы операция жүріп жатқаны хабарланған еді.  Полицейлер мен арнайы жасақ Тәуке хан даңғылы мен Байтұрсынұлы көшесінің қиылысындағы жолдар мен жаяу жүргінші жолын қоршауға аған.

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, "Гарант" қиылысы шымкенттіктерге және қала қонақтарына ұялы телефон сататын орын ретінде танылған. "Пайдаланылған ұялы телефондармен қатар бұл жерде ұрланғандары да бар - барлығы "Гарантта" жиналады", - деп жазады басылым.


Суреттер Otyrar.kz сайтынан алынды

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети