19 қыркүйек 2017 14:40

Шымкентте арнайы операция жүріп жатыр: Полиция ұялы телефон сатушыларды ұстап әкетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Otyrar.kz сайтынан алынды Сурет Otyrar.kz сайтынан алынды

Шымкентте арнайы операция жүріп жатыр: "Гарант" қиылысында полиция ұялы телефон сатушыларды ұстап әкетті. Полицейлер мен арнайы жасақ Тәуке хан даңғылы мен Байтұрсынұлы көшесінің қиылысындағы жолдар мен жаяу жүргінші жолын қоршауға алды, - деп хабарлайды Otyrar.kz

Ер адамдар ұсталған. Осыған байланысты тілшілерге ресми өкілдерден пікір болмаған.

Басылымның мәліметінше, "Гарант" қиылысы шымкенттіктерге және қала қонақтарына ұялы телефон сататын орын ретінде танылған. "Пайдаланылған ұялы телефондармен қатар бұл жерде ұрланғандары да бар - барлығы "Гарантта" жиналады", - деп жазады басылым.

Суреттер Otyrar.kz сайтынан алынды

Сонымен қатар, қалалық әкімдік пен жергілікті полиция қызметі бұл қиылысты заңсыз саудагерлерден бірнеше рет тазартуға тырысқаны, алайда саудагерлердің қайтып оралатыны айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети