20 желтоқсан 2017 09:19

Шымкентте газ баллоны жарылып, қызы мен шешесі зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© shymkent.kz © shymkent.kz

Шымкентте газ баллоны жарылып, салдарынан 30 жастағы әйел мен оның 6 жасар қызы ауыр жарақат алды. Екеуі де ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды TVK телеарнасы.


Шымкентте газ баллоны жарылып, салдарынан 30 жастағы әйел мен оның 6 жасар қызы ауыр жарақат алды. Екеуі де ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды TVK телеарнасы.

Фатима есімді зардап шеккен әйелдің денесінің 35 пайызын күйік шалған. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр. Ал алты жасар Мерекенің өмірін сақтап қалу үшін облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері күресіп жатыр.

Телеарнаның мәліметінше, оқиға 19 желтоқсанда таңғы уақытта Тассай ауылы Новостройка көшесінде болған. Олар енді ұйқыдан тұрып жатқан. Күйеуі сол кезде гаражға кетіп, көлікті қыздырып жатқан. Осы сәтте үйде газ баллоны жарылып, әйелі мен қызы үйден жүгіріп шығып жатқан. 

"Әйелім жүгіріп шықты - шашы жанып жатыр, артынша қызым да жүгіріп шықты. Оның да шашы жанып жатыр. Газды көшеде орнатқанбыз, жақында көршіміз құбырды өзіне қарай жақындатқан болатын. Ол сол кезде соны дұрыс орнатпаған шығар. Үнемі газдың иісі шығып тұратын, әсіресе, біздің гаражда. Олардың газ құбыры біздің үйден өтетін", - деді Қуаныш Сихымбаев.

Сондай-ақ, телеарнаның мәліметінше, газ баллоны жарылған үйдің қабырғасының бір бөлігі опырылып кеткен. Үй иесінің айтуынша, оны қайта қалпына келтіруге болмайды.

Мамандардың алдын ала мәліметі бойынша, көрші үйдегілер газбен жабдықтау ұйымының рұқсатынсыз және ешбір келісімінсіз өз бетінше газ құбырын орнатқан. Айтуларынша, осы дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети