Шымкентте изоляторға қамалған ер адам өлі табылды 19 қыркүйек 2017, 12:44

Ер адам Шымкент қалалық ІІБ изоляторында өлі табылды. Бұл мәліметті ІІД баспасөз қызметіндегілер Tengrinews.kz редакциясының сауалхатына берген жауабында растады.
29 жастағы ер адам 16 қыркүйекте өз-өзіне қол салған делінеді. Ол топ болып, қару қолдану арқылы бұзақылық әрекет жасады деген күдікпен ұсталған. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқан.
"Өзін-өзі өлтіру дерегі Абай полиция бөлімінде тіркелді. Соталды тергеу жүріп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды", - деп хабарлады полициядағылар.
Полиция өкілдері соталды тергеудің ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") тергеліп жатқанын нақтылады. Алайда тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын айтпажы. Ер адамның қандай жолмен өзіне қол салғаны, камерада жалғыз болған-болмағаны және одан кімнің жауап алғаны жайлы сұрақтар жауапсыз қалып отыр.