21 шілде 2015 07:46

Шымкентте жаппай төбелес кісі өлімімен аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Otyrar.kz ©Otyrar.kz

Шымкентте жаппай төбелес кісі өлімімен аяқталды. Оқиға 19 шілдеге қараған түні "Москва" түнгі клубында болды, - деп хабарлайды TVK жергілікті телеарнасы.


Шымкентте жаппай төбелес кісі өлімімен аяқталды. Оқиға 19 шілдеге қараған түні "Москва" түнгі клубында болды, - деп хабарлайды TVK жергілікті телеарнасы.

Бір топ адамның түнгі клуб ғимаратының ішінде сөзге келіп қалғаны белгілі. Салдарынан жаппай төбелес шығып, ол көшеде жалғасын тапты. Қақтығысқа 5-тен 10 адамға дейін қатысты. Бір уақытта оқ атылады (болжам бойынша травмат тапаншасынан), жас жігіт жарақат алды. Зардап шеккен ол оқиға орнында жан тапсырды.

Полиция қызметкерлері қаза болғанның 24 жастағы досын ұстады. Бірақ оны ұстауға режимнің бұзылуы себеп болған, өйткені ұсталған және қаза болған екеуі шартты түрде жазаға кесілген. "Абай бөлімінің аймағындағы кісі өлтіру дерегі бойынша соталды тергеу басталды. Осы қылмыстық іс аясында барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты айта алатын мәліметіміз осы ғана", - деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети