22 маусым 2016 09:37

Шымкентте жоғалып кеткен оқушы қызға қатысты жаңа деректер пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лилия Ахметова © Otyrar.kz Лилия Ахметова © Otyrar.kz

TVK телеарнасы Шымкентте жоғалып кеткен 14 жастағы оқушыға қатысты жаңа деректерді анықтады.


TVK телеарнасы Шымкентте жоғалып кеткен 14 жастағы оқушыға қатысты жаңа деректерді анықтады.

Лилия Ахметова Чапаев ауылында тұрады, № 34 мектепте оқиды. Бір апта бұрын үйінен кетіп қалған сегізінші сынып оқушысы қайта оралмаған. Сол уақыттан бері ешқандай хабар жоқ.

"Ол құрбысымен бірге туған күнге кетті. Соңғы рет оны шамамен сағат түнгі 12-лерде вокзалда көріпті. Біз оны іздедік, кейін үш күн өткен соң полицейлерге хабар бердік", - деді жоғалған қыздың әпкесі - 17 жастағы Тахмина.


Жоғалып кеткен қыздың әпкесі - Тахмина. © tvk-uko.kz

Қыздың анасы Наталья Алымованың айтуынша, соңғы рет Лилияны 19 жастағы Садық есімді жігіт көріпті. Ол қызының мектептегі танысы екен. "Ол бұрын Чапаевта тұрды, қазір 11-ықшамауданда тұрады. Олар туған күнде болған, кейін Садық такси шақырған. Надяны таксиге отырғызып, Лилияны көпірге дейін шығарып салыпты. Кейін Лилияны ешкім көрмеді" - деп келтірді анасының сөзін телеарна тілшілері.


Қыздың анасы Наталья Алымова. © tvk-uko.kz

Сонымен қатар, анасының айтуынша, қызы бұрын үйден кетіп көрген емес. Ешқандай ұрыс-жанжал болған жоқ. Жақындарының айтуынша, қыз жігіттермен сөйлеспеген. Өзімен бірге құжаты мен ақшасы да жоқ, ешқайда кете алмайды. Сабақты жақсы оқитын. Бірақ мұғалімдер Лилияның "мінезі бар" деп айтатын.

Дегенмен Наталья Лилияның аман-есен екеніне үміттенеді. Оның айтуынша, Лилия үйге қайтып келуге қорқып жүр. Әйел көзіне жас алып, қызынан үйге қайтуын сұрады.

Еске салайық, 21 маусымда ОҚО ІІД із-түссіз жоғалып кеткен Лилияны іздестіру жұмыстарын бастаған болатын. Өтініш әл-Фараби аудандық ішкі істер басқармасына бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Қызды іздестіру жұмыстарына ОҚО ІІД жеке құрамы толықтай жұмылдырылды. Айта кетейік, жедел қызметкерлер қыздың үйден бұған дейін де кетіп жүргенін анықтады.

Лилия Ахметованың белгілері: бойы 155 сантиметр, қасы мен көзі қара, шашы иығынан жоғары, сарғылт түсті, орта денелі. Жасыл түсті шолақ шалбар, ақ-ашық жасыл түсті жейде мен ақ түсті платформалы аяқ-киіммен болған. Өзімен бірге қара сөмкесі болды. Айта кетейік, жоғалып кеткен Лилия № 34 орта мектептің 8-сынып оқушысы.

Лилия Ахметованы көргендер болса мына телефондарға хабарласуды сұраймыз: 102 немесе +7 776 800 81 81, +7 701 087 78 78, 97 60 09.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети