1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Шымкентте жол ережесін бұзып, әуеге оқ атқандардың видеосы тарады 17 наурыз 2021, 09:19

Әлеуметтік желілерде жолда артқы жүріспен келе жатқан Toyota Land Cruiser түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Видео кадрлары Видео кадрлары

Әлеуметтік желілерде жолда артқы жүріспен келе жатқан Toyota Land Cruiser түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтар екі роликті таратып жатыр, онда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу мен қоғамдық тәртіпті сақтамағандар түсірілген. Бірінде ақ түсті Toyota Land Cruiser артқы жүріспен жолда келе жатады, жарығын өшіріп-қосып, ары-бері бұрғаны көрінеді. Оны артында жүріп отырған тағы бір жол талғамайтын көлігінде отырған адам камераға түсірген.

Тағы бір кадрларда белгісіз біреулер әуеге оқ атып, "братва" деп айғайлайды. Біреуінің қолында автомат, ал екіншісінде тапанша барын көруге болады. Екеуі де бір-бірден оқ атады. Өзгелер мұны видеоға түсіріп тұрған.

Болжам бойынша бұл оқиға Шымкентте болған, сондықтан жергілікті полицейлер құқықбұзушыларды іздеуге кіріскен. Кейін ведомстводағылар ақ түсті Toyota Land Cruiser жүргізушісі жол ережесін биылғы наурызда бұзғанын анықтады.

"6 наурызда жол ережесін бұзған Toyota Land Cruiser жүргізушісіне қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылды. Атап айтқанда, ӘҚБтК-нің 595 және 606-баптары бойынша, яғни "мұндай маневрлерге тыйым салынған жерлерде артқы жүріспен жүру" және "авариялық жағдай туғызған, яғни басқа қатысушыларды қозғалыс жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр еткен жол қозғалысы ережелерін бұзу", - деп хабарлады Шымкент Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Видеодадағы барлық адам анықталып жатыр.

"Сондай-ақ, әуеге белгісіз қарудан оқ атқан барлық адам анықталды. Зардап шеккендер жоқ. Факт бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы "Атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған іс-әрекеттер" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тексеру аяқталғаннан кейін әрбір қатысушының іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Бұл бап бойынша құқықбұзушыларға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілетінін атап өткен жөн. 

Шымкент қаласының полиция департаментінде қаланың барлық тұрғынынан әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларға құқық бұзушылықтары бар видеолар мен фотоларды хабарлауды және жіберуді сұрайды.

"Тиісінше біз заңбұзушылық фактілеріне қатысты шаралар қабылдаймыз. Жол қозғалысының барлық қатысушысын қырағылық танытуға, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырамыз", - деп қорытындылады ПД өкілдері.

Кейін жүргізушілер кешірім сұраған видео жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Firebase Cloud Messaging