03 тамыз 2015 08:31

Шымкентте жүргізуші 8 жастағы баланы басып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жүргізуші 8 жастағы баланы басып кетті, - деп хабарлайды "Отырар".


Шымкентте жүргізуші 8 жастағы баланы басып кетті, - деп хабарлайды "Отырар".

Оқиға 2 тамызда, кешкі уақытта болды. Куәгерлердің мәліметінше, көлігі төбешікте тұрған жүргізуші 8 жастағы баланы басып кеткен. Жол-көлік оқиғасының куәгері машинаның сыртқы факторлардың әсерінен орнынан қозғалған болуы мүмкін екенін айтты. Жүргізуші көлікті қолмен тоқтатпақшы болған, алайда бала көлік астына түскен. Оқиға орнына жедел жәрдем шақыртылды. Баланың жағдайы туралы мәлімет жоқ.

Осыған ұқсас оқиға 2 тамызда Ақтау қаласында болды. Бұл жайында "Лада" басылымы хабарлап отыр. Toyota RAV4  көлігінің 23 жастағы жүргізушісі баланы қаққаннан кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Абырой болғанда, жол-көлік оқиғасынан бала болмашы жарақат алып, дәргіерлердің қарауынан кейін үйіне қайтарылды. Ал оқиға орнынан із жасырған жүргізушіні тәртіп сақшылар ізін суытпай ұстады. Болған оқиғаның дерегі бойынша тексеріс жүріп жатыр.

Ал Бейнеу ауданында Сhevrolet Cruze маркалы автокөлік алты жасар баланы қақты. Жол апаты Бейнеу ауылындағы Тәжиев көшесінде болды. Тізгінде 25 жастағы жергілікті тұрғын болыпты. Бала түрлі жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Көмек көрсетілгеннен кейін ол үйіне қайтарылды.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети