30 қазан 2019 08:49

Шымкентте кафелердің бірінде атыс болды: Қаза тапқандар бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© otyrar.kz © otyrar.kz

Шымкентте кафелердің бірінде атыс болып, екі адам қаза тауып, тағы төрт адам ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Otyrar.kz.


Шымкентте кафелердің бірінде атыс болып, екі адам қаза тауып, тағы төрт адам ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

Басылымның мәліметінше, бұл оқиға Арғынбеков көшесінде орналасқан кафеде сағат 17.30-да болған. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, екі адам атыс шығарған. Артынша олар оқиға орнынан жасырып, кафеден 300 метр жерден қару лақтырған. Тергеушілер кафе аумағын қоршауға алған.

Сондай-ақ, кафенің маңында екі көліктің тұрғаны айтылады: Toyota Camry 70 пен Lexus RX 350. Басылымның мәліметінше, құқық қорғау органдарының өкілдері сол көліктің бірінен үлкен сомада ақша тапқан.

Кейінірек атыстан тағы бір адамның қаза тауып, төрт адамның Шымкент қалалық № 1 ауруханаға жеткізілгені айтылады. Зардап шеккендер - 1989, 1987, 1996, 1984 жылғы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети