22 ақпан 2023 16:58

Шымкентте кәмелетке толмаған қызды автобус қағып кетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Шымкентте автобус кәмелетке толмаған қызды қағып кетті. Оқиға 22 ақпанда сағат 10:30-да Байтұрсынов көшесінде болған. Апат салдарынан қыз көптеген дене жарақатын алған. Бұл туралы мегаполистің Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, қыз жабық бассүйек-ми жарақатымен балалар ауруханасына жатқызылған. Миы шайқалған, маңдай аймағы көгерген, кеуде қуысы және қабырғасы жараланған. Дәрігерлердің айтуынша, қызға операция қажет емес.

"2005 жылы туған науқас, ЖКО орнынан №1 Қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді, онда оған КТ және ультрадыбыстық зерттеу жүргізілді. Ол қазір қалалық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылды. Травматикалық пунктте науқасты реаниматолог, нейрохирург қарап, миының жабық жарақаты диагнозымен нейротравматологияға жатқызылды", - деді Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Куәгерлердің айтуынша, қыз жолды дұрыс емес жерден кесіп өткен. 27-автобустың жүргізушісі жол апатының алдын алуға тырысқанымен, қашу мүмкін болмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети