Шымкентте қаза тапқан дәрігерлер баруы тиіс болған 6 баланың анасы көз жұмды

09 Қазан 2017, 15:37
3
Шымкентте қаза тапқан дәрігерлер баруы тиіс болған 6 баланың анасы көз жұмды -

Шымкентте Алматы түбіндегі әуе апатынан қаза болған дәрігерлер баруы тиіс болған әйел көз жұмды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі Вячеслав Цай хабарлады.

Дәрігерлердің айтуынша, әйелде бірнеше ауру анықталған. Оның ішінде созылмалы Б гепатиті, Д гепатиті, метродометрит және сепсис (ірің микробтарымен залалданған қаннан дамитын ауру) аурулары бар. Әйел облыстық ауруханаға жеткізілген соң оған лапароскопиялық ота жасалған. Бірақ, дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы нашарлай түскен. 

"Әйел үшінші дәрежелі комада болды. 8 қазанда таңғы сағат 10.30-да қайтыс болды", - деді Вячеслав Цай.

Сондай-ақ, дәрігер соңғы күндері науқас әйелді акушерлік орталықтың және республикалық орталықтың басқа да мамандары қарағанын айтып өтті. Әйел өмірінің соңына дейін жансақтау бөлімінде жатты. Жанында күйеуі болды. Әйелдің артында алты баласы қалып отыр.

Осыған дейін дәрігерлер ұшақпен бара жатып, апатқа ұшыраған әйелдің алтыншы баласын босанғаны хабарланған болатын. Алтыншысы қыз бала болған, оған Береке деген ат қойылыпты. 30 жастағы келіншек бастапқыда Түркістанда ауруханаға жатқызылған, кейін Шымкентке ауыстырылған еді.

Еске салайық, 3 қазанда East Wing әуекомпаниясының АН-28 ұшағы ұшып шыққаннан кейін 12 минут өткенде радардан жоғалып кеткен еді. Кейін ұшақ Алматы түбінде өртеніп жатқан жерінен табылған. Бортта болған бес адам қаза тапқан. 

Кейінірек әуе апатынан қазақстандық белгілі дәрігер-профессорлардың қаза тапқаны хабарланған болатын. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 3 қазанда кешкі уақытта Алматыдан Шымкентке дәрігерлер бригадасы ауыр жағдайда жатқан жүкті әйелге көмектесу үшін аттанған. Сондай-ақ, дәрігерлер бара жатқан жүкті әйелдің жағдайы айтылған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай