27 сәуір 2021 09:41

Шымкентте өзбекстандық әйел өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Шымкент жатақханаларының бірінде Өзбекстан азаматшасы белгісіз жағдайда қайтыс болды. Оның екі баласы реанимацияға түсті, - деп хабарлайды "AstanaTV" телеарнасы.


Шымкент жатақханаларының бірінде Өзбекстан азаматшасы белгісіз жағдайда қайтыс болды. Оның екі баласы реанимацияға түсті, - деп хабарлайды "AstanaTV" телеарнасы.

Төтенше жағдайлар департаменті мәліметіне сүйенсек, Өзбекстан азаматтары қалаға пойызбен келген. Олар жатақханадан бөлме жалдаған. Таңертең олардың жағдайы нашарлаған.

Шетелдіктер тұрған бөлмеде мамандар заңбұзушылықпен орнатылған су жылытқышты тапқан. Қайғылы жағдайдың екінші себебі тамақтан улану болуы мүмкін. Әйелдің баялды (баклажан) жегені белгілі болды. Тағам үлгілері алынып, қазір зертханада тексеріліп жатыр.

"Өзбекстан азаматтары пойызбен келіп, осы жатақханаға қонған. 1985 жылғы әйелмен 2016 және 2010 жылдары туған екі баласы болған. Қазіргі уақытта балалар медициналық мекемеде. Бір баланың жағдайы орташа, екіншісі реанимацияда жатыр", - деді Шымкент қалалық ТЖД басқарма бастығы Бахадыр Расулов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети