29 маусым 2016 14:19

Шымкентте ірі жол апаты болды: 2 жасар сәби қаза тапты, тағы 7 адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tvk-uko.kz © tvk-uko.kz

Шымкентте 2 жасар сәби мен 7 адам зардап шеккен жол-көлік оқиғасына қатысты "Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкентте 2 жасар сәби мен 7 адам зардап шеккен жол-көлік оқиғасына қатысты "Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 2016 жылдың 28 маусымында шамамен сағат 16.00-де болған. Ірі жол апаты Шымкент қаласының Жаңаталап ауданындағы көше қиылыстарының бірінде болған. 1976 жылғы азамат маршруттық "Луидор" маркалы таксидің тізгінінде болып, 1984 жылғы Шымкент тұрғыны жүргізіп келе жатқан Daewoo Gentra маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Жол апатының салдарынан оқиға орнында ауыр жарақат алған 2014 жылғы бала қаза тапты. Тағы жеті адам жол апатынан зардап шекті. Олардың ішінде 32 жастағы Daewoo Gentra көлігінің жүргізушісі мен ондағы жолаушылар: 1986 жылғы әйелі мен 2011 жылғы ұлы, сонымен қатар "Луидор" микроавтобусының жүргізушісі мен үш жолаушысы, 1994, 1997 және 1999 жылғы үш жолаушы түрлі жарақатпен Шымкенттегі ауруханаға жеткізілді.

Айта кетейік, осы дерек Шымкент қаласының ІІБ Абай аудандық полиция бөлімшесіне сотқа дейінгі бірыңғай тіркеу реестріне тіркелді. Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық кодексінің "Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тағайындалған сараптамалардың нәтижесі жол-көлік оқиғасына кінәлі адамды анықтайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети