11 наурыз 2022 16:53

Шымкентте студент қыздар көшеден жаңадан туған сәби тауып алды

Фото: Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы Фото: Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы

Шымкентте әйел адам жаңа туған баласын көшеде тастап кеткен. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала киімсіз жатқан. Оны Рысқұлов пен Байтұрсынов көшесінің қиылысындағы балалар алаңынан студент қыздар тауып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыздар сәбиді 10 наурызда сағат 23:10-да Шымкенттің жедел жәрдем орталығына апарды. Ол кезде дәрігерлер нәрестенің жағдайын ауыр деп бағалап, оны жансақтау бөліміне жатқызды. Артынша баланы палатаға ауыстырды.

"Бала киімсіз болды, тек бір материалға оралған. Ол бір күн жансақтау бөлімінде жатты, қазір ол жалпы бөлімге ауыстырылды, жағдайы қанағаттанарлық. Балада ауытқулар жоқ, салмағы - 3200, бойы - 50 сантиметр. Тамақтануы жақсы. Нәресте ауруханада дүниеге келмеген деген болжам бар, себебі баланың туғанына бір күн ғана болған. Баланың туыстары немесе анасы ауруханаға әлі келген жоқ", - деді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов.

Соталды тергеу басталды. Істің мән-жайы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети