12 желтоқсан 2023 14:31

Шымкентте тұрғынның көлікте "синтетика" иіскеп отырғаны камераға түсіп қалған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Шымкент полицейлері түнгі клубқа келген адамды есірткімен ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкент полицейлері түнгі клубқа келген адамды есірткімен ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЖБО инспекторлары ойын-сауық мекемесінің маңында тұрған көлікте ұнтақ иіскеп отырған ер адамды анықтады. Оқиға орнын тексеру үшін патрульдік полиция қызметкерлері жіберілді.

"Жақын маңда камераның бар екенінен бейхабар құқық бұзушы тыйым салынған заттардың барын мүлде жоққа шығарды. Оның "синтетика" салынған пакетті көлік есігінің қалтасына жасырып үлгергені анықталды. Ол жерден полицейлер жарты грамм мефедрон тәркіледі", - делінген хабарламада.

Ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети