Шымкенттегі 3 жасар қыздың өлімі: Интернет арқылы пицца мен сушиге тапсырыс берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттегі 3 жасар қыздың өлімі: Интернет арқылы пицца мен сушиге тапсырыс берген © Pixabay.com

Шымкентте кафеде тамақтанған қыздың өлімінен кейін тексеріс жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте кафеде тамақтанған қыздың өлімінен кейін тексеріс жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетіне сілтеме жасап.

"Шымкентте баланың уланып, кейін қайтыс болу дерегі бойынша "Адана" кафесінде жоспардан тыс тексеріс басталды. Бактериологиялық зерттеу кезінде жүргізілген алдын ала тексеріс кезінде зардап шеккендер жеген пиццалар алынды. Олар пиде жеген, сүт пен бананнан жасалған коктейль мен су ішкен. Бұдан бөлек, кафе қызметкерлері де тексерістен өтті. Тексеріс барысында зардап шеккендердің кафеден кейін үйге интернет арқылы пицца мен сушиге тапсырыс бергені анықталды. Барлығы зерттеуге алынды", - деп хабарлады комитет өкілдері.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері бала өлімі дерегі бойынша Шымкенттің Денсаулық сақтау басқармасы мен Қоғамдық денсаулық комитеті өкілдерінің комиссия құрғанын, онда тәуелсіз сарапшылардың болатынын айтып өтті. 

Қазіргі уақытта Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында жоспардан тыс тексеріс жүріп жатыр. Зерттеу нәтижесі қосымша хабарланады.

Еске сала кетейік, мұның алдында Шымкентте кафеде тамақтанғаннан кейін үш жасар қыздың қайтыс болғаны хабарланған болатын. Бұл туралы қыздың анасы Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Әйелдің айтуынша, ол 8 қыркүйекте қызымен бірге қаладағы кафелердің бірінде тамақтанған. Бірақ келесі күні олардың жағдайы нашарлап, лоқси бастап, нәтижесінде қыз ауруханада көз жұмған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course down  603.27  course down  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети