12 қыркүйек 2018 16:57

Шымкентте кафеде тамақтанғаннан кейін үш жасар қыз қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте үш жасар қыз кафеден тамақтанған соң жұқпалы аурулар ауруханасына түсіп, көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкентте үш жасар қыз кафеден тамақтанған соң жұқпалы аурулар ауруханасына түсіп, көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы қыздың анасы Әмина Өтеген Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Әйелдің айтуынша, ол 8 қыркүйекте қызымен бірге қаладағы кафелердің бірінде тамақтанған. Бірақ келесі күні олардың жағдайы нашарлап, лоқси бастаған. Оның айтуынша, бірнеше рет жедел жәрдем шақырып, кейіннен қызды ауруханаға өзі жеткізген.

"Барлығын рәсімдеп, ауруханаға жатқызып, сағат 19.30-да ғана капельница жасады. Кейін дене қызуы түсті. Бірақ бірде тыныс ала алмай кетті. Реаниматолгты шақырдық, қызымды жансақтау бөліміне алып кетті. Бүйрегі жұмыс істемей қалды, сағат 22.40-та қызым қайтыс болды. Бірақ маған ол туралы сағат 00.15-те хабарлады. (...), - деп жазды әйел.

Шымкент әкімдігінің өкілдері мен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының әкімшілігі қыздың отбасына көңіл айтты.

Әкімдіктегілердің айтуынша, үш жасар қыз ауруханаға 9 қыркүйекте сағат 10.55-те жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Дәрігерлер оны бірден тексерген.

"Баланың әжесі ауруханаға жатудан бас тартты. Бірақ қолхат жазбай қойды. Сосын 9 қыркүйекте сағат 14.24-те қайтадан жедел жәрдем шақыртты. Бірақ әжесі ауруханаға жатудан тағы да бас тартты. Сол күні 16.55-те олар өздері ауруханаға келді", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз хатшысы Әйгерім Жұмағұлова.

Жұмағұлованың айтуынша, әйел мен қызы пицца, суши жеп, коктейль ішкен. 10 қыркүйекте сағат 21.10-да қыз денсаулығы нашарлауына байланысты жансақтау бөліміне жатқызылды. Амал не, қызды құтқару мүмкін болмады. Дәрігерлер Құдай емес. (...), - деді әкімнің баспасөз хатшысы.

Қазіргі уақытта қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында қызметтік тергеу жүріп жатыр. Нәтижесі қосымша хабарланады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети