10 қыркүйек 2019 09:59

Шымкенттегі оқушылар төбелесі: Дәрігерлер зардап шеккен оқушының жағдайы туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының дәрігерлері төбелес кезінде зардап шеккен оқушының жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының дәрігерлері төбелес кезінде зардап шеккен оқушының жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

11-сынып оқушысының қолына пышақ кірген. 

"Науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Дәрігерлер оның қолын тігіп, үйіне қайтарды", - делінген хабарламада. 

Осыған дейін, Шымкентте тапа-тал түсте оқушылар атысты. Мектептер арасындағы төбелес күндізгі сағат бір жарым шамасында қаланың ортасында болған. Куәгерлердің айтуынша, оқушылар әуелі таспен атысып, артынша бір-біріне дәлдеп, бірнеше мәрте оқ атқаны айтылған еді. 

"20-30 шақты бала. Бірінің артынан бірі қуалап келе жатыр. Қолдарында - шолақ мылтық. Біреуінде ОСА-ау деймін. Екі рет атты. Тура мына Сайрам мөлтекауданында, жолдың бойында. Ар жағындағы қарсыластары таспен ұрды. Ақыры мына жерде біреуі біреуін пышақтады", - дейді куәгер. 

Пышақталған - №65 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы. Қолынан жарақат алған оған оқиға орнына жеткен полицейлер жедел жәрдем шақырды.

Оның мұғалімдері балаға шаң жуытпайды. Сөздеріне сенсек, төбелесіп жатқандарды ажыратамын деп барған жасөспірімге әлдекімдер пышақ сілтеген. Ал тәртіп сақшыларын көре сала, оқушылардың көбі ізін суытса, бірнешеуі полицияның қолына түсті. Бейресми ақпарат бойынша, төбелес 65-ші және 46-шы гимназия мен лицейдің жоғары сынып оқушыларының арасында болған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети