29 шілде 2021 11:58

Шымкенттік қайтыс болған соң донор болатындар тізіміне заңсыз енгізілген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Шымкент тұрғыны қайтыс болғаннан кейін донор болатындар тізіміне заңсыз енгізілгенін айтып шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.


Шымкент тұрғыны қайтыс болғаннан кейін донор болатындар тізіміне заңсыз енгізілгенін айтып шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Абай есімді 30 жастағы тұрғынның айтуынша, жақында оның телефонына SMS-хабарлама келген. Онда ер адамның Шымкент әкімдігіне донор болу туралы өтініш бергені және оны шенеуніктер базаға тіркегені көрсетілген. Ер адам eGov порталына кіріп, жеке кабинетінен қайтыс болғаннан кейін ағзаларын донорға алуға және транспланттауға келісім бергені туралы анықтаманы тауып алған.

"Мен болған оқиғаға қатты таңғалғанымды жасырмаймын. Себебі, мен ешқашан донор болу туралы өтініш берген емеспін. Бұны денсаулық сақтау қызметкерлері жасады деген күдігім бар. Бірақ неге? Тізімнен тез арада шыққым келеді", - деді Абай.

Шымкент әкімдігі 30 жастағы ер адамның қайтыс болғаннан кейінгі донорлық туралы өтініші қарастырылып жатқанын айтты.

"Ережеге сәйкес мемлекеттік қызметтер электрон цифрлық қолтаңба арқылы немесе SMS паролін қолдану арқылы жүзеге асады. Басқа адам сіздің ЭЦҚ кілтіңіз болмаса, мемлекеттік қызметті орындай алмайды", - деді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Шымкент тұрғыны өзінің ЭЦҚ-кілтін ешкімге бермегеніне сенімді. Енді Абай қайтыс болғаннан кейінгі донорлар тізіміне қалай түскенін түсіндіруді талап етеді.

Сонымен қатар, Egov порталының операторы бұл өтініште ақау немесе қате болуы мүмкін емес екенін айтты.

"Жеке деректердің жариялануын болдырмау және жағдайды егжей-тегжейлі зерделеу үшін осы хабарламаны алған қолданушыдан ресми шағым талап етіледі. Ол сонымен бірге қайырымдылық жасауға келісімін қайтарып ала алады", - деді Ұлттық ақпараттық технологиялар компаниясының өкілі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @aibat__kz

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети