"СК-Фармация" басшысы Максим Касаткин екі айға тұтқындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"СК-Фармация" басшысы Максим Касаткин екі айға тұтқындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2017 жылдың 16 қыркүйегінде Астана қаласының Алматы аудандық №2 соты "СК-Фармация" басшысы Максим Касаткинге қатысты екі айға қамау түріндег3 бұлтартпау шарасын таңдады.
"Сот үкімімен Максим Касаткин 2017 жылдың 15 қарашасына дейін қамауға алынды", - делінген соттың Tengrinews.kz тілшісіне берген хабарламасында.
Мұның алдында 15 қыркүйек күні Максим Касаткиннің ұсталғаны белгілі болған. Денсаулық сақтау министрлігі "СК-Фармация" ЖШС өкілдері басшыларының не себепті ұсталғанын және қандай айыптар тағылғанын білмейтінін мәлімдеді.
"Қазіргі кезде 2015 жылы жүргізілген дәрі-дәрмек пен медициналық заттарды сатып алу бойынша тергеу жүріп жатыр", - деген болатын министрлік өкілдері.
Максим Касаткин "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы болып 2017 жылдың ақпанында сайланған.