09 қазан 2017 16:30

"СК-Фармация" басшысы Максим Касаткин екі айға қамалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Максим Касаткин. Фото: sk-pharmacy.kz Максим Касаткин. Фото: sk-pharmacy.kz

 "СК-Фармация" басшысы Максим Касаткин екі айға тұтқындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


 "СК-Фармация" басшысы Максим Касаткин екі айға тұтқындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

2017 жылдың 16 қыркүйегінде Астана қаласының Алматы аудандық №2 соты "СК-Фармация" басшысы Максим Касаткинге қатысты екі айға қамау түріндег3 бұлтартпау шарасын таңдады.

"Сот үкімімен Максим Касаткин 2017 жылдың 15 қарашасына дейін қамауға алынды", - делінген соттың Tengrinews.kz тілшісіне берген хабарламасында. 

Мұның алдында 15 қыркүйек күні Максим Касаткиннің ұсталғаны белгілі болған. Денсаулық сақтау министрлігі "СК-Фармация" ЖШС өкілдері басшыларының не себепті ұсталғанын және қандай айыптар тағылғанын білмейтінін мәлімдеді. 

"Қазіргі кезде 2015 жылы жүргізілген дәрі-дәрмек пен медициналық заттарды сатып алу бойынша тергеу жүріп жатыр", - деген болатын министрлік өкілдері. 

Максим Касаткин "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы болып 2017 жылдың ақпанында сайланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети